2023 жылдың 26 сәуір күні Ақпараттық білім беру орталығында 1-мамыр Қазақстан халықтары бірлігі күніне орай ұйымдастырылған «Бірлігі жарасқан Қазақстан» атты мерекелік әдеби-сазды кеш өтті.
Іс-шараны «Техникалық мамандықтар үшін орыс тілі» кафедрасының меңгерушісі Ж.С.Әуелбекова ашып берді. АББО қызметкері А.Д.Арыстанова өз баяндамасында түрлі ұлт пен дін өкілдерінің бір-біріне деген сый-құрметін арттыратын, татулықты, бірлікті, ортақ құндылықтарды насихаттайтын мереке 1 мамыр күнінің маңыздылығын атап өтті.
Іс-шара барысында «Сәулет, құрылыс және көлік» факультетінің 1 курс студенттеріне «Техникалық мамандықтар үшін орыс тілі» кафедрасының аға оқытушысы Г.А.Парменкулова әртүрлі ұлттың ән-би және аспаздық өнерлерін көрсететін қойылымдарға жетекшілік етті.
АББО директорының орынбасары Г.Қ.Мыңбаева достық пен ынтымақтастықта болуға бағытталған іс-шараның маңыздылығын атап өтті келген қонақтар мен қатысушы студенттерге алғыс білдірді.