Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Қаныш Сәтбаевты қазіргі қазақ ғылымының атасы деуге болады, Ең бастысы, еліміз Сәтбаев салған сара жолды жалғастыруы қажет» - деп атап өткен болатын. 2024 жылдың 17 сәуір күні М.Әуезов атындағы ОҚУ-нің Ақпараттық білім беру орталығында Қазақ Ғылым Академиясының тұңғыш президенті, Қ.Сәтбаевтың туғанына 125 жыл толуына орай «Сәуір - ғылым айы» аясында «Ғылым көкжиегіндегі дара тұлға»атты семинары өтті. Семинарға университеттің оқытушылар құрамы, ғылыми қызметкерлері және Абай атындағы қалалық орталық кітапхана қызметкерлері Қ.Манкеева, Ж.Саурбаева қатысты. Химия ғылымдарының кандидаты, доцент А.Есимованың, Металлургия саласы бойынша докторанты Б.Маханбетованың, Ветеринария ғылымдарының кандидаты, доцент И.Тұтқышбайдың Қ.Сатпаевтың ғылым жолындағы жетістіктері мен еңбек жолдарына арналған баяндамалары оқылды. Семинар барысында«Сәуір - ғылым айы» аясында «Менің кітапханам» жобасы бойынша кітапхананың қызмет көрсету жүйесіне және кітап қорының қалыптасуы мен дамуына үлес қосқан университет оқытушылары мен ғалымдарын «Құнды тарту»,«Үздік оқырман»,«Үздік автор»,«Кітапхана жанашырлары»,«Белсенді оқырман»,«Көп оқылған кітап» номинацияларымен Басқарма төрағасы-ректор м.а. Қ.Нұрманбетов және АББО-ның директоры И.Саурбаева марапаттады. Қ.Сәтбаевтың өмірі мен ғылым жолындағы еңбектеріне арналған «Ғылым көкжиегіндегі дара тұлға» тақырыбында кітап көрмесі ұйымдастырылды. Жақсы кітап жан азығы және тәрбие құралы. Кітапхана – көркем ойымыздың кепілі. Кітапхана білім алушыны да, ізденуші ғалымды да, біріктіретін мәдени орта.