25 қазан - Қазақстан Республикасы күніне «Ұлттық мереке – ұлы күн» атты кітап көрмесі.
Бұл күні біз Қазақстанның тәуелсіздік тарихының басталғанын ерекше мақтанышпен түсінеміз. Осыған байланысты М.Әуезов атындағы ОҚУ- нің Ақпараттық білім беру орталығында Қазақстан Республикасы күніне арналған "Ұлттық мереке – ұлы күн" атты кітап көрмесі ұйымдастырылды . Кітап көрмесінде мемлекет және құқық тарихы, Қазақстанның құқықтық және демократиялық мемлекет ретінде қалыптасуы туралы әдебиеттер, сондай-ақ мемлекеттің қалыптасуының әртүрлі кезеңдеріне сәйкес келетін, ел егемендігі тарихының маңызды сәттері туралы баяндайтын және өткеніміздің жарқын жақтарын бейнелейтін материалдар ұсынылды . Көрменің мақсаты – Тәуелсіздік алғаннан кейін Егемен Қазақстанның қалыптасу тарихымен таныстыру, сондай-ақ елдің қоғамдық-саяси, экономикалық және рухани өміріндегі оң өзгерістерді насихаттау, қоғамға жоғары жауапкершілік пен патриотизмді, Қазақстан азаматтарының бірлігін көрсету. Көрмеге біздің университеттің профессорлары, ғылым кандидаттары мен студенттері қатысты.