Құрметті әріптестер сіздерді, Кітапханашылар күні мен шын жүректен құттықтаймыз!
Дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға амандық, бақ-береке, еңбектеріңізге шығармашылық табыс тілейміз!
АББО әкімшілігі
Құрметті профессор-оқытушылар құрамы сіздерді 2024 жылдың 23 қазан күні сағат 10.00-де, бас ғимарат, 2 -этаж, №222 аудиторияда IPR SMART цифрлық кітапханасының ресурстарымен және платформаның қызмет бағыттарымен танысу үшін «EDPHUB» компаниясының ресурстық дамыту бөлімінің директоры Кутуева Витамен өтетін семинарға қатысуға шақырамыз.
Семинар барысында «EDP Hub» ЖШС ұйымдастырған авторларды қолдау, басылымдық белсенділікті арттыру және олардың жұмысын баспа және электронды түрде басып шығару арқылы ғылыми ортада ілгерілету, оқытушылардың еңбектерін компанияның цифрлық өнімдеріне енгізу туралы ұсыныстар айтылады. Сондай-ақ Қазақстан Республикасындағы оқу процесін қолдау үшін оқу материалдарының қорын құру жайында мәліметтер беріледі.
IPR SMART цифрлық кітапханасы -165 мыңнан астам мазмұн бірлігіне қол жеткізуді қамтамасыз етеді, олар оқулықтар, оқу –әдістемелік құралдар, монографиялар, мерзімді басылымдар. Бұл жоғары білім берудің соңғы стандарттарының талаптарына сай шығарылған заманауи оқу әдебиеттер қоры. Қазіргі уақытта көптеген мұғалімдер өздері оқытатын пәндер бойынша бағдарламаларын жаңарта отырып осы электрондық цифрлық кітап қорына сілтеме жасай алады.
Құрметті профессор –оқытушылар семинарға қатысуларыңызды сұранамыз! АББО әкімшілігі.

В Образовательно-информационном центре сотрудники библиотеки провели ознакомление с электронными ресурсами центра и внедрение автоматизированной – библиотечной системой RFIT, а также провели индивидуальную регистрацию студентов первого курса в электронной базе «IPR MEDIA» для Юридического факультета