Ұлттың ұлы тұлғасы

Печать

2022 жылдың 28 ақпанында М. Әуезов атындағы ОҚУ Ақпараттық білім беру орталығының бас оқу залында «Басқару және бизнес» жоғары мектебінің 3 курс студенттерімен А.Байтұрсынұлының туылғанына 150 жыл толуына орай «Ұлттың ұлы тұлғасы» тақырыбында әдеби-музыкалық кеш өтті. Іс-шара барысында  тақырыптық көрме ұйымдастырылды,  шығармалары мен қазақ халқына сіңірген еңбектері жайлы бейнеролик көрсетілді. «Басқару және бизнес» жоғары мектебінің деканы, э.ғ.к., доцент М.Сейдахметов, ағартушы, педагог, ұлттық жазудың реформаторы А.Байтұрсыновтың  саяси қызмет жолымен қазақ тіліне қосқан үлесі жайында сөз қозғап, жастармен ой бөлісті.

 

Мұхтар Әуезов

Есепшілер

Яндекс.Метрика