2013 жылдың 14 қарашада Ұлттық валюта - теңге күніне орай ОҚМУ-дің бас ғимаратының мәжіліс залында Ақпараттық білім беру орталығы мен «Экономика және қаржы» факультетінің ұйымдастыруымен өткізілген «Теңге - тәуелсіздік нышаны» атты дөңгелек үстелі университеттің оқытушылары мен студенттерінің қатысуымен өтті.
Өзінің дербес валютасының болуы – әр мемлекеттің тәуелсіздігінің, экономикалық тұрақтылығының бір белгісі. 1993 жылдың 15 қарашасы күні Қазақстан Республикасында ұлттық валюта енгізілгеніне биыл - 20 жыл толды.
Дөңгелек үстелге Тәрбие ісі және жастар саясаты бөлімінің бастығы Б.Мустафаев, «Экономика және қаржы» факультетінің деканы М. Қ. Сейдахметов, декан орынбасыры И.Д. Жалғасбек, э.ғ.д., профессор С.Ж.Жақыпбеков, аға тәлімгері Ғ.А.Пазилов, ҚР ұлттық банкінің бөлім бастығы А.Сауыртаев,АБО сектор меңгерушісі Х.Қ. Шамбулова, кітапханашы М.Арапбаева қатысты. Іс-шара барысында теңге туралы баяндамалар, слайдтар көрсетілді. ЭФ 11-6к тобының студенттері Ерқұл Бекжан, Сейтқазы Данақазы теңгенің шығу тарихына тоқталды.
МЭФ 12-5к тобының студенті Зұлпыхар Бердешов пікірталасты жүргізіп отырды. Онда қаралған мәселер: кедендік одақ туралы, оның нарыққа әсері, теңгенің құндылығы жайында пікірлер айтылды. Айша Әзімбек, Бекжан Еркеқұл, Шамғон Иманали пікірталаста айрықша көзге түсті. Мерекелік іс-шара соңында құттықтау сөздер айтылып, ұйымдастырушыларға алғыстарын білдірді. Дөңгелек үстелге «Теңге - тәуелсіздік нышаны» атты кітап көрмесі ұйымдастырылып, көпшіліктің назарына ұсынылды.