Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол » атты жолдауын талқылау
2015 жылдың 4 ақпанында М.Әуезов атындағы ОҚМУ-нің ақпараттық білім беру орталығының №5 оқу залында «Қазақстан тарихы» және «Жалпы тарих, археология және география» кафедраларының қатысуымен Елбасының жолдауын қолдау мақсатында Н.Ә.Назарбаевтың «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол » атты жолдауы талқыланды. «Қазақстан тарихы» кафедрасының менгерушісі тарих ғ.к., доцент Карибаев Сарсебай Өскенұлы қатысып жолдаудың маңыздылығы, Елбасының көрегендігімен салихалы саясат жүргізіп, әлемдік дағдарысқа төтеп берудің алдын алу мақсатында жолдауда көрсетілген нақты жоспарлар туралы айтып өтті. «Нұрлы жол – кемел келешек кепілі» атты тақырыпта студенттер баяндамаларын оқыды.Жолдауда Елбасымыз жеті бағыт бойынша даму жолдарын қарастырып, жариялаған. Елбасымыз алда үлкен жауапты жұмыстар тұрғанын және жаһандық сынынан өту үшін Қазақстан халқының топтаса білу қажет екенін, барлық қазақстандықтар арасында сенімді нығайтуға тиіс екеніміз жолдауда нақтыланған.Сонымен қатар елдің сауаттылығына баса мән беріп, жас отбасыларға және мемлекеттік қызметкерлерге қамқорлық жасау мақсатымен қолжетімді баспана мәселесін, индустриялды-инновациялық бағдарламалар жөнінде, орта және шағын бизнесті қолдаудың арнайы іс-шаралары жайлы атап өтілді. Университет студенттері Жолдауды ынтамен, ықыластана тыңдап,өз пікірлерін білдіріп, ойларын ортаға салды.