Қазақстан - біртұтас жер, біртұтас халық, біртұтас болашақ!

Print
2024 жылдың 30 сәуір күні  М.О.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің «Сәулет, құрылыс және көлік» факультеті "Техникалық мамандықтар бойынша практикалық орыс тілі"  кафедрасының ұйымдастыруымен  АББО-ның оқу залында «Қазақстан - біртұтас жер, біртұтас халық, біртұтас болашақ!» тақырыбындағы 1 мамыр Қазақстан халқының бірлігі күніне орай іс-шара өтті.
 1 МАМЫР – халқымыздың бірлігі күні! Берекені көздеген ел мерекелі тірлік жасаудан жалықпаған. «Береке бастауы бірлік, ел іші тату тірлік» қағидасын ұстанған ел үшін бұл мейрамның орны ерекше! Өзара түсіністік, ұстамдылық, әр түрлі ұлттар өкілдерінің рухани және мәдени құндылықтарына құрметпен қарау әдебі барлық этностарға ортақ  жалпы  халықтық идеялар мен қасиеттерді қалыптастыру мақсатында, ел ішіндегі түрлі ұлт пен дін өкілдерінің бір-біріне деген сый-құрметін арттырып,  татулықты, бірлікті, ортақ құндылықтарды  насихаттау! 
  Іс-шараға Тугелова Майра Тұрлыбайқызы "Тұлға дамыту және ҚХА " орталығының бас маманы, Сауырбаева Индира Кобланкызы АББО директоры, АББО қызметкерлері, "Техникалық мамандықтар бойынша практикалық орыс тілі"  кафедрасы қатысты.
 Іс-шарада қатысқан  әр ұлт өкілдері  өздерін таныстырып, ұлтық салт-дәстүрін, мәдениетін таныстырды. Би билеп, ән айтып, өлең оқыды. 
  Іс-шараға "Сәулет" мамандығының 1 курс  студенттері қатысты.

 

Mukhtar Auezov

Counters

Яндекс.Метрика