Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының 2020 жылы мәдени астанасы деп жарияланған Шымкент қаласы кітапханаларының ресми сайттарында Түркіменстанның Бейтараптығының 25 жылдығына және «Түрікменстан - Бейтараптықтың отаны» жылына арналған онлайн-көрме ашылды. Қазақстан Республикасындағы Түрікменстан Елшілігінің ұйымдастыруымен, Шымкент қаласы әкімдігінің қолдауымен ұйымдастырылған онлайн-көрмеде Түркіменстанның көркем табиғаты, ұлттық мәдениет пен дәстүрлері, бай тарихы туралы фотосуреттерді көруге болады. Көрме сайтқа келушілерді құрметті Президент Гурбангулы Бердімұхамедовтың басшылығымен гүлденіп жатқан Түркіменстанмен таныстыруға арналған. Интернет-көрме 2020 жылдың соңына дейін жалғасады. http://fair.otyrarlib.kz/