БД – «Электронный архив» - полнотекстовая база данных учебной литературы на казахском, русском, английском языках    Комиссия по правам человека при президенте РК ELIBRARY.RU - ЭЛЕКТРОННАЯ БИБЛИОТЕКА База данных arXiv.org — крупнейший бесплатный архив электронных публикаций научных статей и их препринтов по физике, математике, астрономии, информатике и биологии Электронная библиотека статей 300 популярных журналов и газет на английском языке (1998-2003 гг.)  Казахстанская открытая библиотека Казахстанская Национальная электронная библиотека       

30 қаңтар күні Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрінің штаттан тыс кеңесшісі Серіков Таңсауле Ғабдыманапұлы Ғылым және жоғары білім министрлігі ұсынған «Мүгедектігі бар азаматтарға арналған жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің жол картасымен» таныстыру мақсатында М.Әуезов атындағы Оңтістік Қазақстан университетіне жұмыс сапарымен келді.

Республикадағы білім беру жүйесінде мүгедектерге арналған білім беру үлгілерін атай отырып, Таңсауле Ғабдыманапұлы ұсынылып отырған Жол картасының міндеттерін атап өтті. Жол картасында ұсынылған нұсқаның тиімділігі мен күтілетін нәтижелерді түсіндіріп, оның іске асыру жоспарымен бөлісті.

Таңсауле Ғабдыманапұлы университеттің  инфрақұрылымында, оның ішінде ақпараттық-кітапханалық ресурстарына кедергісіз ортаны қалыптастырып, тең қолжетімділік жағдайын туғызу мақсатында университетімізде Ақпараттық білім беру орталығының ерекше қажеттіліктері бар білімалушыларғаарналған «Инклюзивті қызмет көрсету» орталығының қызметімен танысты: өз үлгерім деңгейлерін көтеруіне, академиялық ортамен кедергісізқолдануына , кітапхананың баспа мен электронды ресурстарын емін еркін қолайлы жағдай жасалуда,компьютерлік тифлокомплекс,  тірек қимыл аппараты (ОДА) бұзылған пайдаланушыларға ыңғайластырылған, зағип және көру қабілеті нашар пайдаланушылар үшін сканерлеуге және оқуға арналған SARA™ CE машинасы орнатылған үш жұмыс орнымен жабдықталған типлоқұрылғылар жазу, оқу машиналары, экрандағы мәтінді үлкейту, 24/7 режимде жұмыс жасайтын http://lib.ukgu.kz/. web-сайтта; аудио қызметі бар арнайы  NVDA бағдарламасы енгізілген. Брайль қаріпіндегі кітаптармен қамтамасыз етілген. «Инклюзивтік қызмет көрсету» орталығында болды.

Таңсауле Ғабдыманапұлы: мақсатымыз-әрбір студентке, оның ішінде мүгедек студенттерге сапалы білім алуда қолжетімділікті қамтамасыз етіп, кедергілерді жою!»- деген пікір білдіре отырып, оң бағасын берді, Ақпараттық білім беру орталығының  ұжымына алғыс білдірді.

 

 

Мұхтар Әуезов

Есепшілер

Яндекс.Метрика