Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығына орай Ақпараттық білім беру орталығы мен «Сәулет, құрылыс және көлік» факультетінің студенттерімен «Ассамблея – татулық пен бірліктің тұғыры» атты арналған іс-шара өтті. Мерекелік іс-шараға факультет тәлімгерлері А.Дарибаева, Г.Абдурахманова және Г.Парменкулованың жетекшілігімен 1курс студенттері қатысты. Іс-шара барысында елімізде тұратын халықтардың ұлттық билері, өлеңдері мен әндері ұсынылып, ұлттық киімдер, дәстүрлер мен мәдени ерекшеліктер көрсетілді. Бұл Қазақстанның этникалық әралуандығы мен байлығын айқын бейнеледі. Сонымен қатар, қазіргі қоғамда бейбітшілік, келісім мен өзара түсіністікті сақтау идеясына ерекше назар аударылды. Студенттер азаматтық белсенділік, шығармашылық және Қазақстанның көпұлтты мұрасына деген құрметтерін көрсетті. Олардың іс-шараларды ұйымдастыру мен өткізуге қосқан үлесі патриотизм мен бірлік идеалдарына адалдықтың жарқын үлгісі болды. Техникалық мамандықтар үшін практикалық орыс тілі кафедрасының меңгерушісі Ж.Аульбекова, Жастар орталығының орынбасары Е.Анарханұлы және Ақпараттық білім беру орталығының директоры И.Саурбаева іс-шараны ұйымдастырған тәлімгерлер мен қатысқан студенттерге алғыс білдірді.
Қазақстан халқы Ассамблеясының мерейтойымен баршаңызды құттықтаймыз! Ортақ үйіміз — Қазақстан достықта, құрметте және үйлесімділікте нығая берсін!