2012 жылдың қазан айының 31 жұлдызында Электрондық ресурстар орталығында Ғылыми-библиографиялық бөлімінің ұйымдастыруымен «Кафедра референттерінің жұмысын жетілдіру мәселелері мен шешу жолдары» атты референттер семинары өтті. Семинарда кітапхананың қорын толықтыру және қамтамасыз ету, қарызы бар оқырмандармен жұмыс, толық мәтінді деректер қорын пайдалану мәселелері бойынша сұрақтар талқыланды. Рефереттер белсенді түрде қатысып, іс-шараны жоғары деңгейде бағалады.