БД – «Электронный архив» - полнотекстовая база данных учебной литературы на казахском, русском, английском языках    Комиссия по правам человека при президенте РК ELIBRARY.RU - ЭЛЕКТРОННАЯ БИБЛИОТЕКА База данных arXiv.org — крупнейший бесплатный архив электронных публикаций научных статей и их препринтов по физике, математике, астрономии, информатике и биологии Электронная библиотека статей 300 популярных журналов и газет на английском языке (1998-2003 гг.)  Казахстанская открытая библиотека Казахстанская Национальная электронная библиотека       

28.11.2025-ж. «Сәулет, құрылыс және көлік» факультетінің «Техникалық мамандықтарға арналған практикалық орыс тілі» кафедрасы мен ОҚУ ақпараттық білім беру орталығының ұйымдастыруымен Алаштың ардақтысы – Мұстафа Шоқайдың туғанына 135 жыл толуына орай  «Тәуелсіздік жолындағы күрескер» тақырыбындағы тәлімгерлік сағаты өткізілді. Өмірін эмиграцияда өткізсе де, Отанын жүрегінен шығармаған Мұстафа Шоқайдың азаттық жолындағы күресі туралы видеофильмдер, тарихи мәліметтер, қызықты қойылымдар көрсетілді. СМ-25-5к21, СМ-25-5к22, СМ-25-5к19 топ студенттері өнерлерін жан-жақты көрсете білді. Түркі әлемінің азаттық символдарының бірі - Мұстафа Шоқайдың өмірі елден жырақта өтсе де азаттық жолындағы нағыз күрескердің өмірі еді. Қазақ халқы Мұстафадай ұлын ұмытқан жоқ!

 

   М. Әуезов атындағы ОҚУ-да Ақпараттық білім беру орталығының №9 оқу залында «Аграрлық», және «Тарих және педагогика» факультеттерімен бірлесіп,  қазақ халқының ұлы ақыны Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына орай «Қазақтың дара туған данасы» атты әдеби-сазды кеш өтті. Іс-шараның негізгі мақсаты- Абай шығармашылығын насихаттау,оның өмір жолы мен мұрасының  бүгінгі  күндегі  мән-маңызын ашу, жас ұрпақтың рухани –мәдени дамуына үлес қосу болады. Кеш барысында  қатысушылар  ұлы ақының өмірбаянына, шығармашылық жолына  шолу жасап, оның өлеңдері мен қара сөздеріндегі терең ойларды талдады. Сонымен Абайдың әндері шырқалып, өлеңдері мәнерлеп оқылып, күй тартылып, би биледі. Бұл іс-шара – рухани байлықты арттырып қана қоймай, студенттерге шабыт сыйлады.

Шымкент қаласының мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасының қолдауымен құрылған SOZ жобасы мүшелері мен Ақпараттық білім беру орталығының ұйымдастыруымен Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына орай «Абай мұрасы - ұлт ұлағаты» атты ғылыми танымдық әдеби кеш өтеді. Іс-шараға М.Әуезов атындағы ОҚУ-нің барлық факультеттерінің және Шымкент қаласындағы жоғары  оқу орындарының белсенді жастары қатысады

 

Өтетін орны:         М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті

                                 бас ғимарат, Акт залы

 

Mukhtar Auezov

Counters

Яндекс.Метрика