Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығына орай Ақпараттық білім беру орталығы мен «Сәулет, құрылыс және көлік» факультетінің студенттерімен «Ассамблея – татулық пен бірліктің тұғыры» атты арналған іс-шара өтті. Мерекелік іс-шараға факультет тәлімгерлері А.Дарибаева, Г.Абдурахманова және Г.Парменкулованың жетекшілігімен 1курс студенттері қатысты. Іс-шара барысында елімізде тұратын халықтардың ұлттық билері, өлеңдері мен әндері ұсынылып, ұлттық киімдер, дәстүрлер мен мәдени ерекшеліктер көрсетілді. Бұл Қазақстанның этникалық әралуандығы мен байлығын айқын бейнеледі. Сонымен қатар, қазіргі қоғамда бейбітшілік, келісім мен өзара түсіністікті сақтау идеясына ерекше назар аударылды. Студенттер азаматтық белсенділік, шығармашылық және Қазақстанның көпұлтты мұрасына деген құрметтерін көрсетті. Олардың іс-шараларды ұйымдастыру мен өткізуге қосқан үлесі патриотизм мен бірлік идеалдарына адалдықтың жарқын үлгісі болды. Техникалық мамандықтар үшін практикалық орыс тілі кафедрасының меңгерушісі Ж.Аульбекова, Жастар орталығының орынбасары Е.Анарханұлы және Ақпараттық білім беру орталығының директоры И.Саурбаева іс-шараны ұйымдастырған тәлімгерлер мен қатысқан студенттерге алғыс білдірді.
Қазақстан халқы Ассамблеясының мерейтойымен баршаңызды құттықтаймыз! Ортақ үйіміз — Қазақстан достықта, құрметте және үйлесімділікте нығая берсін!
Биыл алғаш рет аталыпотырған, 23 сәуір – Ұлттық кітап күніне орай кітап оқу мәдениетін көтеру және кітап оқитын ұлтқа айналу мақсатында «Кітап - Ұлттық құндылық» тақырыпта қоғамда танымал кітаптардың тарихы мен қазақстандық авторлардың шығармаларына арналған іс-шара өтті. Іс-шараның мақсаты оқырман қауымына рухани байлық пен мәдени мұра және адами құндылықтардың қайнар көзі кітап арқылы жол табатынын жеткізу.
Іс-шараға М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің «IQUP» оқырмандар клубы, Ө.Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университетінің «ALQA» әдеби бірлестігі, Орталық Азия инновациялық университетінің «TallUp» оқырмандар клубының студенттері,
«Ізгілікке жарысайық»Қайырымдылық қоғамдық қоры, «Qasym» баспа үйі,«BesAspap» жас өнерпаздар клубының белсенді жастары қатысты.
Кітапсүйер жастар қазақ ақындарының өлеңдерінен поэзиялық оқулар мен көрініс қойып, домбырада күйлер орындап, әндер шырқады. Сонымен бірге, Буккроссинг өзің оқысаң, өзгеге табыс ет қағидасымен жастар бір-бірімен кітаптар алмасты.
Іс-шара барысындаАқпараттық білім беру орталығының кітапты ұлықтауға арналған көрмесі менбаспа кітаптардардан жасалған «киіз үй мен ұлттық аспап қобыздың» инсталляциясы оқырмандар назарына ерекше көрінді.
Әлеуметтік және тәрбие жұмысы жөніндегі проректор Ғани Әбзелбекұлы Бесбаев іс-шараның өтуіне үлес қосқан ұйымдар мен жастардыалғыс хаттармен марапаттады.Ақпараттық білім беру орталығының директоры Индира Саурбаева болашақтың кілті білімді жастарда, білімнің көзі кітапта екендігін түсіндіріп, студенттерді кітап оқуға шақырды.