24 желтоқсанда Ақпараттық білім беру орталығы "Сәулет, Құрылыс және көлік" факультетімен бірлесіп академик, техника ғылымдарының докторы, "Құрылыс және құрылыс материалдары" кафедрасының профессоры, 135 –тен астам ғылыми еңбектің, оның ішінде 4 монографияның авторы, сондай – ақ "Vira" республикалық ғылыми – техникалық құрылыс журналының рецензенті - Ахметов Ақболат Райымбекұлының 75 жылдығына арналған дөңгелек үстел өткізді. Оқу және оқу – әдістемелік жұмыс жөніндегі проректор Р. Ж. Абишева кіріспе сөз сөйлеп, дөңгелек үстелдің қонақтары мен әріптестері өз тілектерімен құттықтауларын білдірді.