2014 жылдың 28 наурызында М.Әуезов атындағы ОҚМУ-дың Ақпараттық білім беру орталығының №4 оқу залында 7 сәуір - Дүниежүзілік денсаулық күніне орай «Салауатты ұрпақ – ұлт байлығы» атты дөңгелек үстелі «Дене тәрбиесі және спорт» факультетінің оқытушылары мен студенттерінің қатысуымен өтті.
Жиынды АБО бөлім меңгерушісі Ж.Ережепова ашып берді. «Дене тәрбиесі және спорт» факультетінің аға тәлімгері Зауытбеков Қалаубек алғы сөз алып, өз сөзінде, Қазақстанның әрбір азаматы өз денсаулығына деген жеке жауапкершілігін арттырып, салауаттылыққа бір жолата бет бұру керектігін атап көрсетті. ФК-13-6к2 тобының студенттері Жарылқасымова Гулмира, Жұмабайқызы Гүлнұр, ФК-13- 4к3 тобының студенті Шамихан Мерей өз ойларын ортаға салып, болашақ ұрпақтың сақталуына келеңсіз жағдайлардан әр уақытта аулақ болу керектігін атап көрсетті. АБО сектор меңгерушісі Шамбулова Халида қортынды сөзінде, осындай іс-шараларды студенттер арасында жиі ұйымдастырып, жастарды салауатты өмірге бағыттап, спортпен шұғылдануға үгіттей отырып, өмірде өз орнын адаспай табу керектігін айтып өттіп, қатысушыларға алғысын білдірді. №4 оқу залының кітапханашысы Бөлет Гүлзада «Салауатты ұрпақ - ұлт байлығы» атты кітап көрмесін ұйымдастырып, шолу жасады. Студенттер кітап көрмесімен танысып, толық мағлұматтар алып жатты.