2014 жылы 7 қарашада Жүсіпбек Аймаутовтың 125 жылдығына арналған «Ұлттық ұлағатты ұстанушы» атты оқырмандар конференциясы Ақпараттық білім беру орталығының №5 оқу залында филология факультетінің оқытушылары мен студенттердің қатысуымен өтті. Конференцияны «Қазақ тілі және әдебиеті» кафедрасының меңгерушісі ф.ғ.к., доцент Құрманғали Мархабатұлы Оразбаев ашты. Қазақ әдебиетінің барлық саласында жазған сегіз қырлы, бір сырлы дарын иесі Жүсіпбек Аймауытов – қазақтың көрнекті жазушысы, қазақ әдебиетін қалыптастырушылардың бірі де бірегейі. Ж.Аймаутовтың шығармашылығына шолуды АБО сектор меңгерушісі Халида Қамбарбекқызы жасады. Ж.Аймаутовтың «Қартқожа» романы бойынша «Қазақ тілі және әдебиеті» кафедрасының ф.ғ.к., доценті Ақжол Қалшабеков, «Ақбілек» романына талдауды ФИ 14-1к тобының студенті Әуез Жадыра жасады. Алаш ардағы, сырлы сөздің саңлағына арнауды ФИ 14-1к тобының студенті Әбу Салтанат оқыды. «Қазақ тілі және әдебиеті» кафедрасының Халикова Нурила жиынды қорытындылап, үйымдастырушларға алғыс білдірді. Жиын соңы ән-күйге жалғасты. Конференция аясында Жүсіпбек Аймаутовтың шығармалары койылған «Ұлттық ұлағатты ұстанушы» атты кітап көрмесі оқырмандарға ұсынылды.