Ақпараттық білім беру орталығының «Елбасытану» ғылыми-әдістемелік орталығында ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Тәуелсіздік дәуірі» атты кітабын насихаттау «Адами капиталдың жаңа сапасы» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Жиынға АББО директор орынбасары Н.В.Рыбалкина, АББО сектор меңгерушісі Х.К.Шамбулова, АББО кітапханашылары: А.И.Икласова, А.Жамантаева, «Қазақстан халқы Ассамблеясы» арнайы кафедрасының меңгерушісі А.Е.Есеналиев және кафедра мамандары: С.Б.Аблаев, Т.Л.Құрманбаева, Э.М.Турегелдиева, Н.Б.Баймаханов, Е.Ә.Әмірхан, «Халықаралық қатынастар және кеден ісі» кафедрасының оқытушысы Г.Батырбекқызы, «Философия және мәдениеттану» кафедрасының оқытушысы Т.А.Сулейменов, ТІ және ЖСД директоры Е.Р. Байқонысов қатысты. Жиынның мақсаты Н.Ә.Назарбаевтың «Тәуелсіздік дәуірі» атты кітабын насихаттау және талқылау. «Тәуелсіздік дәуірі» кітабына слайд көрсетілді және кітап бойынша баяндамалар оқылып, пікірлер айтылды. Жиынның соңы Елбасының еңбектеріне арналған кітап көрмесіне шолу жасаумен аяқталды.