«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тілінде 100 жаңа оқулық»

Печать

2018 жылы 27 қыркүйек күні тоқыма және тамақ инженериясы жоғары мектебінің, басқару және бизнес жоғарғы мектебінің, заңтану және халықаралық қатынастар студенттері үшін «Елбасытану» ғылыми әдістемелік орталығында «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тілінде 100 жаңа оқулық» жобасы аясында жарық көрген алғашқы 17 кітабының тұсаукесері бойынша дөңгелек үстел өткізілді. Іс-шараның басты мақсаты жастарды «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы  аясында қолға алынған,  әлемнің ең үздік деп танылған 100 оқулығымен  таныстырып, әлемдік ақпараттық кеңістікке кіру барысында білімді ұрпақ тәрбиелеу, жастарға жаңашыл бағытта білім беру. Талқылау барысында жастардың «100 жаңа оқулық» жобасына назарын аудару, халық арасында мемлекеттік тілге аударылған оқулықтар мен оқу құралдарын насихаттау мәселелері көтерілді. Бүгінде Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласының маңызын бүкіл қоғам терең түсініп, еліміздің рухани тәуелсіздігін нығайтатын стратегиялық құжат болып отыр.

Мұхтар Әуезов

Есепшілер

Яндекс.Метрика