Құрметті әріптестер!
Сіздерді М.Әуезов атындағы ОҚУ Ақпараттық білім беру орталығының инклюзивті ақпараттық
қызмет көрсетуге арналған 2022 жылдың 03 маусым күні сағат 10.00 «Тең болу құқығы» атты тақырыпта Дөңгелек үстелге қатысуға шақырамыз.
Дөңгелек үстелге Назарбаев Университеті кітапханасының көмекші технологиялар және
қолжетімділік жөніндегі сарапшы-менеджер, магистр Абдыкаимов Зият Нұрланұлы мен
«Шымкент қалалық көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтарға арналған арнайы кітапхана»
директоры Нұрманбетов Бәкір Әбдіұлы қатысады.
Ұйымдастырушылар: Ақпараттық білім беру орталығы
Өтетін уақыты: 2022 жыл, 03 маусым, сағат 10.00
Өтетін орны: Бас ғимарат, С.Т.Сүлейменов атындағы мәжіліс залы 340
Жұмыс тілдері: қазақ және орыс тілдерінде
Өткізу форматы: оффлайн
Сіздерді, 2022 жылдың 16 мамыр күні өтетін Ақұштап Бақтыгерееваның «Жайықтың Ақ шағаласы» атты әдеби сазды кешке шақырамыз.
Кеш өтетін орын: Бас ғимарат 3 этаж, 340 кабинет
Басталуы 15:00 де
Сіздердің назарларыңызға Ақпараттық білім беру орталығының электрондық мәліметтер қоры «Аknurpress» сандық кітапханасына қолжетімділік мүмкіндігі ашылғанын хабарлайды.
«Аknurpress» цифрлық кітапханасы — отандық цифрлық оқулықтар мен оқу құралдарының базасына онлайн қол жеткізе алатын, техникалық қолдауымен, call-орталығы бар бағдарламалық өнім. Кітапханада барлық оқу пәндеріне сәйкес келетін 1500-ге жуық оқулықтар мен оқу құралдары бар. Әдебиеттер қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде ұсынылған. Кітапхана ай сайын жаңа басылымдармен жаңартылып, толықтырылып отырады, сондай-ақ мәліметтер қорында әртүрлі пәндер бойынша отандық ғылыми мақалалар бар.
Онлайн кітапханаға кіру үшін мына сілтеме мен www.aknurpress.kz тіркеуден өтіп, FGW-24 промокодты теріңіз.