Сіздердің назарларыңызға Ақпараттық білім беру орталығының электрондық мәліметтер қоры «Аknurpress» сандық кітапханасына қолжетімділік мүмкіндігі ашылғанын хабарлайды.
«Аknurpress» цифрлық кітапханасы — отандық цифрлық оқулықтар мен оқу құралдарының базасына онлайн қол жеткізе алатын, техникалық қолдауымен, call-орталығы бар бағдарламалық өнім. Кітапханада барлық оқу пәндеріне сәйкес келетін 1500-ге жуық оқулықтар мен оқу құралдары бар. Әдебиеттер қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде ұсынылған. Кітапхана ай сайын жаңа басылымдармен жаңартылып, толықтырылып отырады, сондай-ақ мәліметтер қорында әртүрлі пәндер бойынша отандық ғылыми мақалалар бар.
Онлайн кітапханаға кіру үшін мына сілтеме мен www.aknurpress.kz тіркеуден өтіп, FGW-24 промокодты теріңіз.
М.Әуезов атындағы ОҚУ-дың Ақпараттық білім беру орталығы(кітапхана) сіздерді кітапхана бойынша танысу экскурциясына қатысуға шақырады,оның барысында сіздер мыналарды біле аласыздар:
- Қажетті әдебиеттерді қайдан және қалай таңдауға, электронды каталогпен қалай жұмыс істеуге, әдебиеттерді алу үшін қандай бастапқы мәліметтер қажеттігі туралы
- Абонемент дегеніміз не және үйге қажетті әдебиеттерді қайдан алуға болатыны туралы.
- Оқу залы дегеніміз не және интернет желісінде қай жерде жұмыс істеуге болатыны туралы.
- ӘОЖ –ны қайдан алуға болатыны туралы.
Сіздердің назарларыңызға «ЭБС "Лань» толық мәтінді мәліметтер қорының 1 айлық қолжетімділік пайдалану мүмкіндігін ұсынамыз. «ЭБС "Лань» - бұл 70 000 атауы бар оқулықтар мен оқу құралдары оның ішінде ағылшын тілінде 900-ден астам ғылыми журналдар атауының жалпы саны 40 000 астам, және қазақ, ағылшын тілдерінде классикалық әдебиеттердің жалпы саны-35000 кітап бар,олардың маңызды бөлігі философия, тарих, әлеуметтану, психология, педагогика және т.б. ғылыми әдебиеттер жинағы бар. «ЭБС "Лань» -платформасында қашықтықтан қол жеткізу, әлеуметтік желілер арқылы кіру, жазбалар, құжаттармен онлайн режимінде жұмыс істеуге мүмкіндік беретін мобильдік қосымшасы бар. Пайдаланушылар үшін өте тиімді мәліметтер қоры. https://e.lanbook.com