2020 жыл 16 қарашада Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Оқулық» Республикалық ғылыми-практикалық орталығының директоры Ғани Бектайұлы Бейсембаевпен, жастарды кітап оқуға баулу, оқу мәдениетін арттыру және болашақта кітапхана мен кітапханашы мамандардың мәртебесін көтеру үшін «кітапханашы-педагог» мамандығын ашу жолдарын қарастыруға арналған кездесу өтті. Кездесу барысында «Жалпы тарих және музей ісі» кафедрасының меңгерушісі Г.К.Отарбаева және Ақпараттық білім беру орталығының бөлім меңгерушісі А.С.Куралбаева баяндама жасады.
Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының 2020 жылы мәдени астанасы деп жарияланған Шымкент қаласы кітапханаларының ресми сайттарында Түркіменстанның Бейтараптығының 25 жылдығына және «Түрікменстан - Бейтараптықтың отаны» жылына арналған онлайн-көрме ашылды. Қазақстан Республикасындағы Түрікменстан Елшілігінің ұйымдастыруымен, Шымкент қаласы әкімдігінің қолдауымен ұйымдастырылған онлайн-көрмеде Түркіменстанның көркем табиғаты, ұлттық мәдениет пен дәстүрлері, бай тарихы туралы фотосуреттерді көруге болады. Көрме сайтқа келушілерді құрметті Президент Гурбангулы Бердімұхамедовтың басшылығымен гүлденіп жатқан Түркіменстанмен таныстыруға арналған. Интернет-көрме 2020 жылдың соңына дейін жалғасады. http://fair.otyrarlib.kz/
Сіздердің назарларыңызға «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Перезиденті – Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың әлемнің жетекші университеттеріндегі дәрістері» кітабының баспа және электрондық форматтағы тұсаукесерін және дәрістерінен берілген бейне үзінділерді (https://enic-kazakhstan.kz/reference_information/lekcii-elbasy-1) берілген сілтеме арқылы пайдалануды ұсынамыз.