Дүниежүзі бойынша ақпарат саласы мамандарының алдыңғы қатарлы Elsevier компаниясының ScienceDirect толық мәтінді мәліметтер базасын Ақпараттық білім беру орталығының сайтынан пайдалануға болады. Мәліметтер базасы ізденушілер мен мамандарға барлық білім саласы бойынша 2500 ғылыми журналдардан, 20000- нан астам кітаптардан ақпарат береді.
Elsevier компаниясының ScienceDirect мәліметтер базасына сілтеме: http://www.sciencedirect.com/
Студенттердің ақпараттық мәдениетін көтеру мақсатында, Ақпараттық білім беру орталығы (кітапханаға) бірінші курс студенттерін кітапхананы пайдалану ережесімен және қызметтерімен танысу, электрондық каталог пен интернет ресурстарын пайдалану жолдары мен ақпарат іздеуді үйрету үшін экскурсияға шақырамыз.
Сіздерді 2013 жылы 13-қыркүйек сағат 15.00-де бас ғимараттың оқу залында өтетін
"БЕРІК ОТБАСЫ - МЕМЛЕКЕТІМІЗДІҢ НЕГІЗІ" атты дөңгелек үстелге шақырамыз.
Ақпараттық білім беру орталығы