«Махаббат мен сені аялап өтемін» атты әдеби-сазды кеші
2014 жылдың 10 сәуір күні Ақпараттық білім беру орталығының Бас оқу залында 15 сәуір - Қозы Көрпеш-Баян Сұлу күніне орай «Махаббат мен сені аялап өтемін» атты әдеби-сазды кеші «Экономика және қаржы» факультеті мен «Жас Ақындар» клубының ұйымдастыруымен өткізілді. Кештің басты мақсаты – жастардың бойында шынайы, таза махаббаттың қалыптасуына ықпал етіп, жастар арасында қазақтың ғашықтық эпостарын, салт-дәстүрін өнерін кеңінен насихаттау. Мерекелік кешті «Экономика және қаржы» факультетінің деканы М.Сейдахметов, декан орынбасары Ж. Изтаев құттықтау сөзімен ашып берді. Мерекелік кеште Жұмабай Гүлшірін, Сахан Алдияр, Есжан Талған, Алишер Әлімжан махаббат туралы шығарған жырларын оқыса, Сағыныш Ибрагим, Смайлова Айгерім әннен шашу шашты. Ал Иманәлі Шамғон, Аштан Мадина, Әлсейіт Оңласын, Джамалов Асылбек, Сауыт Құралай, Әкім Жолдастар кештің қызықты өтуіне атсалысты. «Жастар орталығының» бас маманы Абылай Әбдікәрім қорытындылап ұйымдастырушыларға алғысын білдірді.
АБО сектор меңгерушіслері Х.Шамбулова, Б.Жұмабаева студенттерді алғыс хаттармен және сыйлықтармен марапаттады.