«Ел ертеңі және латын әліпбиіне көшу мәселесі»
2013 жылдың 27 ақпанында М.Әуезов атындағы ОҚМУ-дың Ақпараттық білім беру орталығының №5 оқу залында Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына «Қазақстан-2050» стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты жолдауын қолдау мақсатында «Түркіология» ғылыми-зерттеу орталығы және кітапханашы қызметкерлері «Ел ертеңі және латын әліпбиіне көшу мәселесі» тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырылып «Педагогика және мәдениет», «Филология» факультеттерінің оқытушылары мен студенттерінің қатысуымен өткізілді.
Бұл іс-шараны «Түркіология» ғылыми-зерттеу орталығының жетекші ғылыми қызметкері тарихшы, этнолог, түркітанушы ғалым Мирзаев Мұхитхан мырза ашып берді.
Алғашқы сөзді «Түркіология» ғылыми-зерттеу орталығының жетекшісі филол. ғылым. докторы Мыңбаев Нұрлан мырза өз сөзінде негізі бұл мәселе жан-жақты талқыланып асықпау керектігін және де көрші Өзбекстан, Қырғызстан елдері латын әліпбиіне көшкеннен ешнәрсе ұтқан жоқ деп айтып өтті.
Ф.ғ.к. «Қазақ тіл білімі» кафедрасының оқытушысы Бекетов Байқазақ мырза сөз алып, өз пікірінде қазіргі уақытта қазақ тіл мәселесін дұрыс жолға қоймай, келешекте латын әлипбиін қөшу деген ой орыс әріпінен құтылу деген пікірмен қалыптастырады. Дегенмен, әрбіріміздің көкейімізде әлі де болса жауабын таппаған сұрақтар көп. Ойланып бәрін дұрыс шешім қабылдау керектігін , бұл халықтың тағдыры деп айтты.
Ақын, түркітанушы, ғалым - Сарсен Бек Сахабат өз сөзінде қарсылығым жоқ деп бастап тек дайындығымызды барынша күшейту қажет, бастауыш сыныптарға мектеп бағдарламасына енгізу керек, жүйелі түрде әрекет етуіміз, оның кері әсерінен халықтың 90 пайызы қиналып, графиканы өзгертеміз деп, талай құндылықтарымыздан айырылып қалуымыз мүмкін деп батыра айтты. Абдыкаримов Данияр- 3-ші курс тарих маманының студенті өзінің баяндамасында «Қазақ әлипбінен латын қарпіне өткенде не ұтамыз» атты зерттеу ғылыми жобасын презентация, слайд арқылы көрсетті. Маңыздысы асықпай нақты шешім қабылдау, ағылшын тілін үйренуге жеңілдік, болашақ жастардың жаңа технологияны меңгеруге ықпалын тигізеді. Дүние жүзіндегі қазақтардың латын әлипбиін қолдайтынын және қолданатын мемлекеттер туралы слайд арқылы көрсетті.
Оқырмандарға қызмет көрсету бөлімінің меңгерушісі Ережепова Жанат дөңгелек үстелге қатысқан оқырмандарға алғысымды білдірдім.
Оқырмандарға қызмет көрсету бөлім меңгерушісі