Көпшілік іс-шаралар

«Қазақстан жолы -2050: бір мақсат, бір мүдде, бір балашақ»

Печать

       2014 жылдың  7 ақпанында Ақпараттық білім беру орталығының  №9 оқу залында Елбасының  Қазақстан халқына арналған «Қазақстан жолы -2050: бір мақсат, бір мүдде, бір балашақ» атты Жолдауын жастар арасында кеңінен насихаттау, түсіндерме жұмысын жүргізу мақсатында талқылау болып өтті. Жолдауды талқылауға  «Агроөнәркәсіп» факультетінің оқытушылары мен студенттері қатысты. Жиында «Агроөнеркәсіп» факультетінің деканының орынбасары И.Тұтқышбай, факультеттің аға тәлімгері Н. Ермахан, АБО қызметкерлері  Х. Шамбулова, С.Бименова  Елбасы Жолдауын Қазақстанның әлемдегі дамыған 30 елдің қатарына енудегі ұлттық стратегияның даму жолдарының, қазақстандықтардың өмір сүру деңгейлерінің және экономикалық сапаның қалыптасуына зор серпін беретін өз уақытының өскелең құжаты деп атап көрсетті. Ш.Кырбасова, А.Онласын, Ж.Сапар, Г.Жаманкур, С.Ишанбаева, А.Кененбаева сынды студенттері жолдаудың басым бағыттарына тоқталды. Жиынға қатысушылар  Жолдауда қойылған талаптарды орындау мақсатында жастық жігерімен аянбай еңбек ететіндерін мәлімдеді.

«Қазақстан жолы -2050: бір мақсат, бір мүдде, бір балашақ»

Печать

      2014 жылы 6 ақпанда М.Әуезов атындағы ОҚМУ-дың Ақпараттық білім беру орталығының №8 корпус Ватутинадағы  №5 оқу залында Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына «Қазақстан жолы-2050»   «Бір мақсат, Бір мүдде ,Бір болашақ  » атты Жолдауын жастар арасында кеңінен насихаттау, түсіндерме жұмысын жүргізу мақсатында  талқылау «Педагогика және мәдениет», «Филология» факультеттерінің оқытушылары мен студенттері қатысуымен өткізілді. «Жалпы тарих, археология және география» кафедрасының меңгерушісі   Гулжан Отарбаева,  оқытушылары: Ж.Таштанов, Ғ.Мирзамсейтова , М.Тугелова, З. Мырзалиева, Б.Тулкиева , С.Нуртелеуова, « Мәдениттану, әлеуметтік жұмыс  және мұражай ісі » кафедрасының оқытушысы А. Қабыл, факультет студенттері қатысып баяндама жасады.
      Белсенді студенттер: Нысанбекова Назгуль, Нуршат Гулмира, Ахмет Бекзат, Серкебай Дәмелі Жолдаудың  бағыттарына тоқталды. Студент жастар  Қазақстанның  болашағы жарқын болуы үшін, ел игілігі үшін аянбай еңбек етіп, барынша үлес қосатындықтарын айтып, жолдауды қолдайтындығын білдірді. 

«Қазақстан жолы -2050: бір мақсат, бір мүдде, бір балашақ»

Печать

2014 жылы ақпан айының 5-күні Ақпараттық білім беру орталығының  №4 оқу залында  Елбасының Жолдауына қолдау көрсету мақсатында «Жаратылыстану- педагогикалық» факультетінің оқытушылары мен студенттерінің қатыстуымен жиын өтті. Жиында Ақпараттық білім беру орталығының қызметкерлері Х.Шамбулова, Ж.Ережепова, К.Бөлет, Жаратылыстану-педагогикалық факультетінің аға тәлімгер А.Палатбек, «Математиканы оқытудың теориясы мен әдістемесі» кафедрасының  оқытушысы Ф.Дүйсебаева  Елбасының Қазақстан дамуының кемел келешегін сараптаған Жолдауына үлкен қолдау білдірді. 
       Тастемір Назерке, Серикова Сабина, Айтуғанова Ақмарал, Расулхан Ақнұр, Мамбеталиева Дильнура,Төрехан Елдос, Жолдыбек Алия сынды ЕП 13-1к1 тобының студенттері жолдаудың басым бағыттарына тоқталды. Жиынға қатысушылар  Ел­ба­сы­­мыз­дың ой-армандары мен жасампаз идея­ла­рын қолдап, сонымен бірге Мәңгілік елді бір­лесе құруға қашанда дайын екенін мәлімдеді.

«Мәңгілік Ел – ұлтымыздың ұлы болашағы»

Печать

      2014 жылы қаңтар айының 31 күні бас ғимараттың оқу залында  Елбасының Жолдауына қолдау көрсету мақсатында  «Мәңгілік Ел – ұлтымыздың ұлы болашағы» атты жиын өтті. Жиынға Ақпараттық білім беру орталығының директоры М.Кукеева, Тәрбие ісі және жастар саясаты департаментінің мамандары Г.Орынбекова, Б.Ысқақбек, «Жас Отан» жастар қанатының атқарушы хатшысы Т.Есжан, студенттік ректор С.Мырзатай, «Бейнелеу өнері» кафедрасының профессоры Д.Кемешов, «Саясаттану» кафедрасының аға оқытушысы Е.Байқонысов, АБО қызметкерлері мен университеттің студенттері қатысты. Жиында Өскенбай Айтмаханбет, Досыбаева Айша, Есенбай Маржан, Мамбетова Әсем, Алматова Айгерім сынды студенттер жолдаудың басым бағыттарына тоқталды. Студент жастар Елбасының «Мәңгілік Ел» идеясын ыстық ықласпен қабылдап: «Елбасымыз айтқандай Қазақстанның болашағы – жастардың қолында. Сондықтан да Біз - жастар, ерекше белсенділік танытып, сапалы білім алып, білікті маман атанып, Мәңгілік Еліміздің гүлденуіне, Жолдаудағы барлық міндеттерін іске асыруға, сонымен қатар еліміздің отансүйгіш патриоттары болуға, барлығымыз бірге жұмылып Қазақстанның ең мәртебелі және дамыған мемлекет қатарына қосылу үшін, аянбай еңбек етеміз!», деп мәлімдеді.
          Елбасының Жолдауы  Ақпарттық білім беру орталығының жұмысына тың серпіліс беріп, жастар арасында  насихаттау, түсіндіру және қолдау мақсатында барлық оқу залдарында көптеген іс-шаралар өткізілуде.

 

«Әлем таныған –Елбасы»

Печать

      Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті Нұрсұлтан  Әбішұлы Назарбаевтың қазақ елін дамыту, өркендету  жолындағы еңбегін бағалауға,Ұлт көшбасшысының сындарлы саясатының арқасындағы бүгінгі күннің  жетістіктерін жастарға  дәріптеу    мақсатында  28 қараша  күні  М. Әуезов атындағы ОҚМУ-дың  бас оқу залында Ақпараттық білім беру орталығы  мен «Жас отан» жастар қанатының  ұйымдастыруымен «Әлем таныған –Елбасы» атты дөңгелек үстелі  өтті.  Жиынға «Тәрбие ісі және жастар саясаты депертаментінің» білікті маманы Г.Орынбекова, «Жастар орталығының»  бас  маманы  А.Әбдікәрім, «Саясаттану» кафедрасының  оқытушысы  Қ.Бименов, АБО сектор меңгерушісі Х.Шамбулова,студенттік ректоры  С.Мырзатай, «Жас Отан» жастар қанатының  атқарушы хатшысы Д. Қалдыбеков, «Жас ақындар» клубының мүшелері мен білім ордасының жастары қатысты.  
       Әрбір студенттің дайындаған баяндамасында Тұңғыш Президенті Н.Назарбаев­тың өмірі мен саяси қызметі, Тәуелсіз Қазақстанның қалыптасуы мен дамуындағы тарихи рөлі, Қазақстан қоғамын жаңарту мен қайта құрудағы зор еңбегі туралы айтылды. Президент жайында слайдттар жасалып, «Әлем таныған –Елбасы» атты көрме ұйымдастырылды. Студенттер көрмеден елбасымыз жайындағы білімдерін, Президенттің елге сіңірген еңбегі, сындарлы саясаты жайында көптеген мағлұматтар алды. «Жас ақындар» клубының ақындары: Сүйінов Мейрамбек,  Жұмабай Гүлшырын  Елбасына  арнауларын оқыды. Белсенді қатысқан студенттер алғыс хаттармен және бағалы сыйлықтармен марапатталынды.
      Расында да, Қазақстанды қазірде  бүкіл әлем мойындады. Найзаның ұшы, білектің күшімен ата-бабадан қалған елімізді бүгінде 22 жылға жуық басқарған  Елбасы Н.Ә.Назарбаев Қазақ елінің туын көкке көтеріп, әлем танымастай етіп өзгертті. Елімізде  екінші рет тойланғалы отырған бұл мерекенің тарихы маңызы орасан зор екені айдан анық.

Мұхтар Әуезов

Есепшілер

Яндекс.Метрика