2022 жылдың 3 маусым күні М.Әуезов атындағы ОҚУ Ақпараттық білім беру орталығының ұйымдастыруымен Инклюзивтік білім беру негізінде барлық адамдарға тең қарым-қатынасты ұстану, арнайы білім беруді қажет ететін білім алушыларға жағдай жасау жолдарын қарастыру үшін «Тең болу құқығы» атты тақырыпта дөңгелек үстел өтті. Іс-шараға Назарбаев Университеті кітапханасының көмекші технологиялар және қолжетімділік жөніндегі сарапшы-менеджері З.Абдыкаимов және Шымкент қалалық көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтарға арналған арнайы кітапхана директоры Б.Нұрманбетов, Қазақстан голбол федерациясының бас хатшысы, Қазақстан паравелоспорт федерациясының президенті К.Социалұлы қатысты.
Стратегиялық даму және интернационалдандыру жөніндегі проректор А.Т.Искакова, Психология ғылымдарының докторы Г.Ж.Лекерова, Педагогика ғылымдарының докторы, профессор З.Б.Кабылбекова, Ғылыми жобалар және бағдарламалар департаментінің директоры П.Ж.Парманкулова Студенттерді әлеуметтік қолдау бөлімінің басшысы Ә.А.Мамыт білім беру саласында кедергілерді жою мен ерекше білім беруге қажеттілігі бар азаматтардың сапалы білімге тең қолжетімділігін қамтамасыз ету жолдарын қарастырды. Университетіміздің қолдауымен Ақпараттық білім беру орталығының бастамасымен ерекше қажеттіліктері бар білімалушылар, өз үлгерім деңгейлерін көтеруіне, академиялық ортамен кедергісіз қолдануына , кітапхананың баспа мен электронды ресурстарын емін еркін қолайлы жағдай жасалуда» Орталықта көру қабілеті бұзылған жандарға арналған екі жұмыс орны жабдықталған: арнайы Инклюзивтік қызмет көрсету орталығы ашылды: бағдарламалық қамтамасыздандырылған; компьютерлік тифлокомплекс, зағип және көру қабілеті нашар пайдаланушыларға арналған типлоқұрылғылар жазу, оқу машиналары, экрандағы мәтінді үлкейту қондырғылары орнатылған. Ақпараттық білім беру орталығының директоры И.К. Саурбаева дөңгелек үстелдің қонақтары мен белсенді қатысушыларына алғыс білдіріп марапаттады.