2022 жылдың 3 наурызда М.Әуезов атындағы ОҚУ Ақпараттық білім беру орталығының бас оқу залында «Заң» факультетінің «Азаматтық құқық және азаматтық іс жүргізу» кафедрасының ЮМ-21-1к1 студенттерімен А.Байтұрсынұлының туылғанына 150 жыл толуына орай «Өмір жолы» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Іс-шара барысында тақырыптық көрме ұйымдастырылды.
«Заң» факультетінің «Тәрбие ісі және әлеуметтік мәселелер» бойынша декан орынбасары Қ.Бименов, ЮМ-21-3к тобының тәлімгері, магистр, аға оқытушы М.Блашева өз кезектерінде жастарға қазақ халқының 20 ғасырдың басындағы ұлт-азаттық қозғалысы жетекшілерінің бірі, мемлекет қайраткері, қазақ тіл білімі мен әдебиеттану ғылымдарының негізін салушы ғалым, ұлттық жазудың реформаторы, ағартушы, Алаш - Орда өкіметінің мүшесі А. Байтұрсынұлы жайында сөз қозғап, жастар да өз ойларын ортаға салды.