Көпшілік іс-шаралар

BookDating 2019

Печать

Біздің қаламызда, алғаш рет М.Әуезов атындағы ОҚМУ қабырғасында "Мұхтартану" ғылыми-зерттеу орталығында BookDating (өзіңмен сүйікті кітабыңды ал) – түрлі тақырыптағы және бағыттағы кітаптарды талқылау бойынша тиімді, заманауи және зияткерлік алаң ұйымдастырылды. Іс-шараға әр түрлі факультеттердің студенттері, «Ақиқат» және «Достық» жастар клубының белсенділері, оқытушылар мен АББО қызметкерлері жиналды. BookDating форматы бойынша іс-шара екі бөлімнен өтті. Іс-шараның бірінші бөлімінде ф.ғ.к.,профессор Т.Қалдыбаев ұсынған 3 кітап бойынша: М. Әбдәкімұлының «Ақпан батыр», М. Ауезовтың «Абай жолы» и Ғ. Мустафиннің «Қарағанды» романы туралы айтылды. АББО-ның сектор меңгерушісі  С. Балтабекова қатысушыларды Т.Қалдыбаевтың өмірі мен шығармашылығымен таныстырды.

Студенттерге кітап оқудың пайдасы мен осындай іс-шаралардың маңыздылығы туралы ф.ғ.к. Б.М.Бекетов, ф.ғ.к.,доцент А.Б.Қалшабеков, тәрбие ісі және жастар саясаты департаментінің директоры С.А.Мәжінбеков, АББО директоры Н.В.Рыбалкина өз пікірлерін білдірді.

 Кітап туралы буктрейлер мен слайдтар көрсету арқылы пікірлер білдірілді. Екінші бөлімде студенттер, олардың өмірінде оң із қалдырған, өздерінің сүйікті шығармалары туралы айтып, өзара  кітап алмасты. Бүгінгі жастар оқиды ма? Иә, әрине, оқиды, біз оған бүгін көз жеткіздік!

 

«Бір ел – бір кітап»

Печать

2019 жылы 25 қазан күні Ақпараттық білім беру орталығының №5 оқу залында «Педагогика және мәдениет» факультетінің студенттері мен оқытушылары Б.Отарбаева, Қ.Амангельдиев, Л.Жумабаева, Мәдениет қайраткері журналистер одағының мүшесі: Шымкент қалалақ жас өспірімдер қуыршақ театырының директоры: Еспанов Бақтияр Әбілұлының қатысуымен «Бір ел –бір кітап» акциясы  аясында  Ә.Кекілбаевтың «Аңыздың ақыры»     романына арналған оқырман конференциясы ұйымдастырылды.  

 

Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық

Печать

2019 жылы 24 қазан күні Ақпараттық білім беру орталығының «Елбасытану» орталығында «Ақпараттық технологиялар және энергетика» жоғары мектебінің 1 курс студенттері мен декан орынбасары Ж.Жақсылық тың қатысуымен «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасы бойынша дөңгелек үстел ұйымдастырылды.

 

 

Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық

Печать

2019 жылы 23 қазан күні Ақпараттық білім беру орталығының №4 оқу залында «Дене тәрбиесі және спорт» факультетінің және «Жаратылыстану ғылыми педагогикалық» жоғары мектебінің оқытушылары Г.Малгайдарова, Ш.Алтынбеков, Ж.Есмаханова, Г.Алтаева мен 1-2 курс студенттерінің және кітапхана қызметкерлері Ж.Ережепова мен Ә.Қауынбаеваның қатысуымен «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасы бойынша дөңгелек үстел ұйымдастырылды.

Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық

Печать

2019 жылы 10 қазан күні Ақпараттық білім беру орталығының  №1 оқу залында кітапханашы Арыстанова А. ұйымдастыруымен «Болашаққа бағдар: рухани Жаңғыру» бағдарламасы аясында «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» бағыты бойынша «Химиялық инженерия және биотехнология» жоғары мектебінің студенттері мен оқытушылары  қатысуымен дөңгелек үстел ұйымдастырылды. 

 

Мұхтар Әуезов

Есепшілер

Яндекс.Метрика